Константинов ЖОББ мектебінде әдістемелік қолдау көрсету мақсатында мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 қаңтарда Успен ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Константинов жалпы орта білім беретін мектебінде оқыту сапасын арттыру және аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік мониторинг жүргізілді.

Іс-шара барысында аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері сабақтарға қатысып, оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылап, педагогтердің кәсіби қызметіне талдау жасады. Сонымен қатар, мұғалімдерге оқу сапасын арттыру, тиімді оқыту әдістерін қолдану және аттестацияға дайындық бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді. Мұндай жұмыстар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру сапасын жүйелі түрде дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1150865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді