«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінде бірқатар оқушыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағыты бойынша
«Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Өтебекова Зарина Бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Шоженова Шынар.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,
Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»
ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша
«Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Әділбекұлы Досжан Бас жүлдені жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Аскарова Айнагүл.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми-зерттеу жобасын қорғау бағыты бойынша
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы Жұмағазы Аружан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Нұрмұханбетова Ақерке Серікжанқызы.

«Білімді зерек адам болам!» – десең,
«Қара өзіңді басқаның айнасымен»
эссе жазу бағыты бойынша
Тана мырза атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Санақбек Үмітжан сертификатқа ие болды.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша
Би Боранбай атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Қамза Айгерім сертификатталды.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын терең түсініп, оны танып-білу – жас ұрпақ үшін аса маңызды. Оқушыларымыз алдағы уақытта да жүлделі орындардан көрініп, аудан намысын асқақтата берсін.

Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1150540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді