Соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар түсуде. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.
Бұл — алаяқтар.
Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену.
Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:
- Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).
- СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу «растау коды» немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. МКК қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.
- Сілтемелерге өтпеңіз. Егер «салық органынан» келгендей күмәнді хатта «төлеу» немесе «тексеру» батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз.
✅ Не істеу керек:
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;
- жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;
- ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту.
Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.
Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:
- ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;
- E-Salyq Business мобильді қосымшасында;
- банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);
- Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып.
Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.
Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.
Ақпаратты тексеріңіз.
Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.а
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1152034?lang=kk

Жауап қалдыру