Мемлекеттік корпорация «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті онлайн режимінде көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Енді сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінім беріп, электрондық шартты «ҚТК» АҚ порталы арқылы рәсімдеуге болады. Бұдан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесіне автоматты түрде жолданады.

Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1150887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді