Өскеменде жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Турнир 29-30 қаңтар күндері Б. Александров атындағы Спорт сарайында ұйымдастырылды. Додаға 2008-2010 және 2012-2014 жылы туғандар арасындағы сегіз команда қатысты. Атап айтқанда, «Торнадо», «Локомотив», «Титан», «Устинка», «Ульбинка», «Кедр» және «КШТ» командалары бақ сынасты.

Салауатты өмір салтын насихаттауға және қаланың жас таланттарын қолдауға бағытталған спорттық шараның өткізілуіне өңір әкімдігі, ШҚО прокуратурасы, полиция департаменті және «AN GROUPS» құрылыс компаниясы мұрындық болған.

Турнир қорытындысы бойынша «Устинка» командасы жеңімпаз атанды. Ал «Ульбинка» ойыншылары екінші орынға жайғасса, «КШТ» хоккейшілері үздік үштікті түйіндеді.

Марапаттау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жас спортшыларға ізгі тілегін жеткізді.

«Қысқы спорт-фест» турнирі – жастарды спорт арқылы тәрбиелеп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп отыр. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Ойыншылар өз қарсыластарына деген сыйластығын, командаластарына деген қамқорлығын көрсетті. Сіздердің араларыңызда «Торпедо» хоккейшілерінің ізбасарлары жүр деп сенемін!», – деді аймақ басшысы. 

Жеңімпаздар мен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1152038?lang=kk