
«Өзіңді тексер, қауіпсіз бол» акциясы аясында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Атырау қаласы ТЖБ мамандары өрттердің алдын алу, адам қазасын болдырмау мақсатында №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектеп тің оқушыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына күндізгі оқу бөліміне түсу шарттарын оқушыларға таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1151031?lang=kk

Жауап қалдыру