Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыстың негізгі мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді алдын ала талқылау және оларды мәслихаттың кезектен тыс сессиясына енгізу болды.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 28/216 «Приозерск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды. Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, «Приозерск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын түзету» жобасын мақұлдау мәселесі қаралды. Қаланың алғашқы бас жоспары 2013 жылы бекітілген. Аталған жоба қаланың аумақтық дамуын жүйелеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негіз болады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихаттың XXXVII кезектен тыс сессиясында қарастыруға ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1150681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді