Қарағанды облысындағы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2026 жылғы 29 қаңтар аралығында ЖРВИ-нің 154 мың 253 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 58%-ы келеді.

Облыста маусымдық тұмаудың 125 жағдайы зертханалық расталды, А (H3N2) – 124 жағдай (99%), А (H1N1) – 1 жағдай (1%), бұл вирустар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымда бар. Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 76% құрайды.

Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 1020 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 36% құрады, олардың ішінде риновирус (32%), парагрипп (20%), РС-вирусы (13%), боковирус (11%), аденовирус (10%) басым және басқалары бар.

2026 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша сыныптар арасында 20% және одан да көп  ауру-сырқаулығы тіркелген жоқ.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда және тұрғындарды тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауға шақырады:

– адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;

– мүмкін болса, түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысын шектеу;

– қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеу;

– орналасқан бөлмені жиі желдетіп, үнемі ылғалды тазалау;

– құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп тұтыну;

– аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемеу және байланыстарды шектеу, уақтылы медициналық көмекке жүгіну.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1151149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді