«Қауіпсіз аула»: азаматтардың тыныштығы жолындағы кешенді профилактика

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға және тұрғын үй секторындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Негізгі назар аула аумақтарына, подъездерге және азаматтар көп жиналатын орындарға аударылған.

Жетісу облысы аумағында профилактикалық шараларға полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Кешенді әрі ведомствоаралық тәсіл құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың алдын алуға, құқыққа қайшы әрекеттер тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Талдықорған қаласында волонтёрлер мен 12 колледжден 20 студенттің қатысуымен ауқымды көшпелі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Жұмысқа Жетісу облысы прокуратурасының және Талдықорған қаласы прокуратурасының қызметкерлері, облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сондай-ақ облыстық наркологиялық диспансердің мамандары тартылды.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған 130 адам тексерілді. Оның ішінде 35 тұрмысы қолайсыз отбасы, қорғау нұсқамалары қолданылған 40 азамат, сондай-ақ созылмалы маскүнемдер мен есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған 55 адам бар.

Сауда нысандарына да ерекше көңіл бөлінді. Талдықорған қаласының бірқатар шағын аудандарындағы дүкендерде алкоголь өнімдерін сатуға арналған арнайы рұқсат құжаттарының болуы тексерілді. Сауда орындарының бірінде тиісті рұқсаттың жоқтығы анықталып, кәсіпкерлермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

#законипорядок #заңментәртіп #неталкоголю

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1151931?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді