
2026 жылдың 28 қаңтар күні Алмалы ауылдық кітапханасында қазақ халқының белгілі биі, қолбасшы, мемлекет қайраткері Жолбарыс Жылқайдарұлының туғанына 355 жыл толуына орай “Қазақтың әулие батыры – Жолбарыс Жылқайдарұлы” атты тақырыпта тұлғатану сағаты өтті. Кітапханашы Жолбарыс бидің : Тарихи тұлға ретіндегі рөлі, XVlll ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі батырлық істері, Тәуке хан тұсындағы ел бірлігін сақтаудағы беделі, Көргендігі мен шешендігі туралы баяндама жасады. Шара барысында “Батыр би – ел қорғаны” атты видео слайд ұсынылып, қатысушылар тұлғаға қатысты деректермен, мақалалармен танысты. Оқушылар батыр туралы өлеңдер оқып, ерлікке қатысты мақал – мәтелдермен бөлісті. Қорытындысында: Жолбарыс Жылқайдарұлының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі үлгі етіліп, оның рухани мұрасын дәріптеу маңызды екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1151276?lang=kk

Жауап қалдыру