
«Қонақ дәрістері»
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Кенбай орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен “Қонақ дәрістері” өткізілді. Кездесуге учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері, «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында қатысушыларға сайлау үдерісінің маңыздылығы түсіндіріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сайлау жүйесі мен дауыс беру тәртібі туралы кеңінен ақпарат беру, жас сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша заң талаптарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/press/news/details/1151992?lang=kk

Жауап қалдыру