
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Мұғалжар аудандық ауруханасы» МКК-нің мамандардың қатысуымен дәрілік заттар мен медиәиналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар кеңес өткізілді. Семинар – кеңесте 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» және 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, ережелері мен мерзімдері бойынша медициналық мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарда келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, туындаған барлық сұрақтар бойынша Департаментке Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 9 Б мекен-жай бойынша немесе телефон:502161 арқылы хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1151756?lang=kk

Жауап қалдыру