
Жүйелі түрде қудалауға тап болу, жеке шекараны бұзу, аңду, еркінен тыс әлеуметтік желілер арқылы түрлі хабарламалар немесе жазбалар жолдау, сондай-ақ қорқыныш сезімін тудыратын әрекеттер сталкинг қылмысы болып есептеледі.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап «Сталкинг туралы» заң күшіне енді. Аталған құқық бұзушылық үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.
Егер сіз сталкингке тап болсаңыз немесе оның куәгері болсаңыз, дереу полицияның 102 арнасына хабарласу қажеттігін ескертеміз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1151363?lang=kk

Жауап қалдыру