
Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицейінің базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау және өзге де инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға әрі қолдауға бағытталған.
Чемпионатқа робототехникамен айналысатын шамамен 120 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: Роботек, Инверстік сызық бойымен жарыс, Жеткізуші робот, Мерген, Туды жеткізу, Сұрыптаушы робот, РобоБаскетбол.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 44 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 16 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1150830?lang=kk

Жауап қалдыру