
«Салауатты өмір салты» атты спорт ойындары
2026 жылы 29 қаңтар күні ТҰОМ оқушыларының қатысуымен түрлі спорттық ойындар (волейбол, бес тас, асық). Белсенді өмір салты – денсаулықты нығайтудың, күш пен төзімділікті арттырудың ең тиімді жолы. Спорт ойындары адамды қимыл-қозғалысқа баулып қана қоймай, ұжыммен жұмыс істеуге, тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді. Волейбол, ұлттық ойындар сияқты спорт түрлері балалар мен жастардың дене дайындығын жақсартады.
Спорт ойындары арқылы адам стресстен арылып, көңіл күйін көтереді.
Қорытындылай келе, спорт ойындары – белсенді өмір салтының негізі. Әр адам күнделікті өмірінде спортпен айналысса, дені сау, жігерлі әрі табысты болары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1151695?lang=kk

Жауап қалдыру