ШҚО-да шаңғы жарысынан облыс чемпионатының I туры өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24-31 қаңтар аралығында Риддер қаласы Лесное ауылындағы шаңғы трассасында шаңғы жарысынан Шығыс Қазақстан облысы чемпионатының бірінші туры өтті.

Жарысқа Өскемен, Риддер, Серебрянск қалаларынан, Глубокое, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандарынан барлығы 120 спортшы қатысты. Олардың арасында жас ерекшеліктері бойынша – ересектерден бастап 2014 жылы туған және одан кіші жас санатындағы шаңғышыларға дейін бақ сынады.

Чемпионат бағдарламасына еркін және классикалық әдістермен жеке жарыстар, командалық спринттер мен эстафеталар енгізілді. Сайыс нәтижелері спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Бұл чемпионат қысқы спорт түрлерін дамыту мен спортшыларды алдағы республикалық жарыстарға дайындауда маңызды кезең болды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда қыс мезгілі қарлы әрі ұзақ болғандықтан, шаңғы жарысына деген қызығушылық өңірде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1152025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді