
Ауданымызда тұрғындардың бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Президентіміздің спорт инфрақұрылымын, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес ауданда кезең-кезеңімен жаңа нысандар бой көтеруде.
Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 382 млн теңгеге Бесарық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Президент бастамасымен құрылған «Қазақстан Халқына» қоры арқылы Айдарлы ауылындағы спорт клубы 8,8 млн теңгеге спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Осындай спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында ауданда спортпен тұрақты айналысушылардың үлесі 44,4 пайызға жетті. Аталған жұмыстар спорт инфрақұрылымын дамытуға, халықты салауатты өмір салтын ұстануға және ауданымыздың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
2025 жылы аудан спортшылары Әлем чемпионатынан 2 медаль (1 алтын, 1 қола), Азия чемпионатынан 3 медаль (1 алтын, 2 күміс), Қазақстан чемпионатынан 46 медаль (15 алтын, 18 күміс, 13 қола) жеңіп, аудан абыройын асқақтатты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-aqzharma/press/news/details/1151432?lang=kk

Жауап қалдыру