Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаментте мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына арналған қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен жағдайда іс-қимыл алгоритмі және оны хабарлаған тұлғаларды қорғау тетіктері жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар қаралып, талқыланды.

Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды міндетті түрде қабылдау және оларды құпия түрде қарау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен тұлғаларды қорғаудың заңнамада белгіленген тетіктерін сақтау маңыздылығы атап өтілді.

Уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібіне, келіп түскен хабарламаларды құжаттандыруға және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған қызметкерлерге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Департаменттің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1151826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді