«Тәуелсіз ел – ортақ мақтаныш» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қаңтар күні Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 9 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіз ел – ортақ мақтаныш» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – сынып жетекшісі Исаева Аида.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайту.

Дөңгелек үстелдің кіріспе бөлімінде Дүниежүзілік сайлау күні туралы мағлұмат берілді. Бұл күн жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Биыл мереке 5 ақпанға сәйкес келіп отыр. Осы тақырып аясында оқушылар Тәуелсіздік құндылығы мен ел болашағы жайлы ой қозғап, пікір алмасты.

Негізгі бөлімде білім алушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолы, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы баяндамалар жасап, өз көзқарастарын білдірді. Пікірталас барысында «Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?», «Тәуелсіз елдің азаматы болу нені білдіреді?», «Бейбіт өмір үшін не істеуіміз керек?», «Жастардың қоғамдағы рөлі қандай?» деген өзекті сұрақтар талқыланды.

Іс-шара барысында шақырылған қонақтарға да сөз берілді. Жастар орталығының директоры Күнту Мәди сайлаудың маңыздылығына тоқталып, сайлау мен референдумның айырмашылығын түсіндірді. Ал мектеп-гимназия директоры Аширимбетова Жаңыл Азимхановна Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін атап өтіп, оны сақтау жолындағы сапалы білімнің шешуші рөлін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар Тәуелсіздік пен Отан тақырыбында патриоттық өлеңдер оқыды. Қорытынды сөз сөйлеген ұйымдастырушы Исаева Аида:
«Тәуелсіздік – бізге аманат. Оны сақтау, қадірлеу – әрбір қазақстандықтың борышы», – деп түйіндеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1150805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді