Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Талас ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық тасымал және жеке автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында автокөліктерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының, атап айтқанда өрт сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығы, сондай-ақ газ қондырғысы орнатылған көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Іс-шара жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Жауап қалдыру