
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының іске асырылуы бойынша уәкілетті органдардың қатысуымен мекемеаралық жиын өтті. Оған қала әкімі Бақытжан Орынбеков, қала прокуроры Нұржан Боранбаев және мемлекеттік, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиында жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндап, ұсыныстарын жеткізді.
2025 жылы жүргізілген рейдтер нәтижесінде ойын-сауық орындарындағы бұзақылық пен «102» пультіне түскен шақыртулар саны азайған. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы, көшелердегі, отбасылық-тұрмыстық және кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар төмендеді.
Дегенмен, топпен жасалған қылмыстар, ауыр дене жарақатын келтіру және алаяқтық деректері артқаны атап өтілді.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жұмысты күшейту қажеттігін айтып, кибербуллинг, әлімжеттік пен заңсыз ішімдік сатуға бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1151838?lang=kk

Жауап қалдыру