ТЖМ авиажасағының пилоты «Құрметті авиатор» төсбелгісімен наградталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Азаматтық авиация қызметкерлері күнінің қарсаңында ҚР Көлік министрлігінде ведомстволық наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

  Іс-шараға ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов қатысты.

  Азаматтық авиацияны дамытудағы еңбегі үшін, құтқару жұмыстарына белсене қатысып, ұзақ жылғы адал қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін Ми-8 тікұшақтарының командирі Мухамед-Шарип Ермеков «Құрметті авиатор» төсбелгісімен наградталды.

  Қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы ТЖМ авиажасағында қызмет атқаруда.

  Мухамед-Шарип Ермеков авиация саласындағы еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Ол қызмет барысында түрлі типтегі әуе кемелерін меңгеріп, тәжірибелі, тәртіпті және жауапты ұшқыш ретінде өзін көрсете білді. Қазіргі таңда Ми-8 экипажын басқарып, іздестіру-құтқару жұмыстары мен санитарлық авиация саласындағы ең күрделі тапсырмаларды орындайды.

  Ең жауапты ұшулардың қатарында орман өртін сөндіру, әуеден бақылау және су төгу жұмыстары, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы кезінде шалғай елді мекендерден науқастарды қауіпсіз эвакуациялау сияқты миссияларды орындаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1151984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді