
Уәкілдің өкілі Семей қаласы полиция басқармасы Орталық ауданының учаскелік полиция пункттеріне барды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Семей қаласы полиция басқармасы орталық ауданының № 12, 13, 14, 15,16 учаскелік полиция пункттеріне баруды жүзеге асырды.
Учаскелік полиция пункттеріне баруды жүзеге асыру барысында полиция қызметкерлерінің назарына азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағыну қағидаттары, «Адал азамат» идеалдары негізінде адам құқықтарына адалдық пен құрмет, әйелдердің құқықтары, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен қатысуы, сондай-ақ жанжалдардың алдын алу және реттеу процестері туралы және адамның азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау туралы ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1151668?lang=kk

Жауап қалдыру