“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен дәстүрлі «Жайдарман» ойынының жартылай финалы өтті. Сахнада “Заң мен Тәртіп” тақырыбы  әзіл мен тапқырлық арқылы кеңінен көрініс тапты. Департаментінің Әкімшілік басқармасының басшысы Серік Сәрсеналиұлы ойынның әділқазылар құрамында болып, командалардың өнерін бағалады.

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен шара көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ойын барысында жайдарманшы Әліби Басаров сөз сөйлеп, Қаржылық мониторинг агенттігін құрылғанына  бес жыл толуымен құттықтады. Сондай-ақ, ол агенттіктің жастарды  қолдауға ерекше мән беретінін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1150583?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді