
2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сейкестікке тексеру кестесіне сай және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға 10 өндірістік кәсіпорындар жоспарланып, оның ішінде 5 тексерілді. 5 обьект обьективті себептермен тексерілмеді (жұмыс істемейді).
Шу өлшемдері 237 жұмыс орынында жүргізілді, оның ішінде 2 жұмыс орынында рұқсат етілетін шекті деңгейлер анықталды. Діріл көздерімен тексерілген жұмыс орындарының саны – 30, рұқсат етілетін шекті деңгей анықталмады. Электр магниттік өріс көздерімен тексерілген жұмыс орындарының саны – 1642, оның ішінде 6 жұмыс орнында рұқсат етілетін шекті деңгейлер анықталды. Жарықтандыру бойынша тексерілген жұмыс орындарының саны – 510, оның ішінде 12 жұмыс орнында гигиеналық нормативтерден асып кетулер анықталды. Микроклимат бойынша тексерілген жұмыс орындарының саны – 873, оның ішінде асып кетулер анықталмады.
Анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сай өнеркәсіптік әкімшілік шаралар қолданылды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым рәсімделіп, табыс етілді. Барлық ұйғарымдардың орындалуын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалар бақылайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1150928?lang=kk

Жауап қалдыру