“Жарқын болашақ-Саналы таңдау”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29 қаңтар күні Достық үйінің акт залында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрам арасында суицидтің, лудоманияның және нашақорлықтың алдын алу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға шамамен 150 өрт сөндіруші, департамент басшылығы, психологтар мен профильдік қызметтердің мамандары, сондай-ақ мешіт имамы қатысты. Имам өз сөзінде рухани құндылықтардың, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушыларға психологиялық дағдарыстар мен тәуелділіктердің белгілері түсіндіріліп, кәсіби көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы ескертілді.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның өмірін, денсаулығын және психологиялық тұрақтылығын сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

                                                         Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1150686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді