
Бүгін Тұран ауданы әкімінің м.у.а. Асылжан Дәулетханұлы аудан тұрғындарының жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан зират аумағын қоршау, шлагбаум орнату, кәсіпкерлік мәселелері, гүлзар салу және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша хаттамалар толтырылып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын бейсенбі күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
📍 Мекенжай: Тәуке хан көшесі, 6

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1150912?lang=kk

Жауап қалдыру