«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау мақсатында жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 қаңтарда Қаратал ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Г.Сугралина Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау мақсатында жиын өткізді.

Қоғамдық талқылаудың басты мақсаты – азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру, жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын арттыру және заң жобаларының тиімділігін қамтамасыз ету.

Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері, олардың қаржылық дербестігі, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың қатысу тетіктері, сондай-ақ қоғамдық бақылау мәселелері қаралды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1151557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді