Ақтөбе аумағында полиция профилактикалық шараларды күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27 қаңтардан бастап облыс аумағында профилактикалық іс-шаралар белсенді жүргізілуде.
Өңірдегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында өткізіліп жатқан локальды рейдтер барысында полиция қызметкерлері көшелерді, үйлерді аралауда.

Басты назарда – бақылаудағы тұлғалар: есепте тұрғандардың барлық санаттары, қолайсыз және толық емес отбасылар. Бұл ретте, учаскелік полиция инспекторлары кәмелетке толмағандар өгей әкелерімен және қамқоршыларымен бірге тұратын отбасыларды аралап тексерілуде.

Бір күннің өзінде 474 есептегі тұлғаның белгіленген шектеулер мен міндеттерді сақтауы тексерілді. Оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған — 39, әкімшілік қадағалауда тұрған— 11, қорғау нұсқамасы шығарылған – 67, соттың ерекше талаптары белгіленген 46 адам бар. Есептегілер тарапынан 6 бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 қолайсыз отбасы тексерілді. Балалар өгей әкелерімен тұратын 115, қамқоршыларымен тұратын 28 отбасына мекенжайы бойынша бару жүзеге асырылды.

Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы да ерекше назарда. Бір күн ішінде облыс бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, олардың түнгі мезгілде үй жайдан тыс жүргені үшін полиция 18 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, студенттер тұратын жатақханалар мен жалдамалы пәтерлер де тексерілуде.

«Аралау барысында полиция қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауды басты назарда ұстайды. Локальды тексеру басталған бір күннің ішінде суық қару алып жүрудің – 4, алкогольді заңсыз сатудың – 2, есірткі қолданудың – 2, қоғамдық орындарда ішімдік ішудің – 13 дерегі анықталды. Күмәнді пәтерлерді аралап тексеру де ерекше назарда. Мақсатымыз – заң мен тәртіпті қамтамасыз ету» – дейді Ақтөбе облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Сүйінтаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1152087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді