
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғановтың нұсқауына сәйкес өңірде құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында көшпелі іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде. Кезекті жұмыс сапары Мұнайлы ауданында өтті.
Іс-шараларға ПД бастығының қызмет жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Н.Н. Оразов пен Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айдаров қатысып, жеке құрамға нақты тапсырмалар берді. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде «Тұрмыс» және «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде:
• 155 әкімшілік хаттама толтырылды;
• 13 тұлға учаскелік пункттерге жеткізілді;
• 11 автокөлік арнайы тұраққа қойылды;
• 2 жалдамалы пәтер анықталды.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 93 қызметкер мен 33 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.
Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және күмәнді жағдайларда «102» нөміріне хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152090?lang=kk

Жауап қалдыру