
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ел байлығын өскелең ұрпаққа әділ бөлуді көздейді. Қазақстан жастарына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ал Қазақстанның Ұлттық қорындағы жинақтар жас азаматтарға ересек өмірге алғашқы қадамды нық сеніммен жасауға септесетін қаржылай құрал депайтуға толық негіз бар.
Еліміздің қай өңірінде тұрып жатқанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын барлық кәмелет жасқа толмаған бала «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы екенін айта кетейік.
Мақсатты (нысаналы) жинақтар жыл сайын ҚР Ұлттық қорының он сегіз жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% есебінен қалыптастырылады.
Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған азаматтарға жыл сайын жіберілетін қаражаттың үстіне инвестициялық табыс та есептелетінін атап өткен жөн.
Жыл сайын ҚР Ұлттық банкінің есебіне сәйкес БЖЗҚ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына жіберілетін қаражат сомасы мен Қазақстан азаматы болып саналатын балалардың саны бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан алынған ақпараттың негізінде қажетті ақшаны барлық кәмелет жасқа толмаған баланың арасында біркелкі бөледі.
Кәмелет жасқа толғанға дейін жинақталатын қаражат БЖЗҚ-дағы әр баланың шотында шартты түрде сақталады. Десе де іс жүзінде Ұлттық қордың жалпы активтерінде болып, инвестициялық бағдарламаларға қатысып, көбейіп отыратынын айта кету керек.
Ал белгіленген жасқа толған соң БЖЗҚ арнайы атаулы шот ашып, баспана мәселесі немесе білімалуға пайдалануға болатын нақты жинақталған сома соған аударылады.
Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері қаражатты жинақтау және басқару процесіне қатыса алмайды. Тиісті жасқа толғаннан кейін аталған жинақтың иесі ғана қаражатты пайдалана алады.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері қаражатты есептеу және басқару процесіне қатыса алмайды. Кәмелетке толғаннан кейін бұл қаражатты алушының ғана билік ету құқығы бар.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан Қазақстан азаматы болып саналатын барлық бала қатысады.
Жиналған қаражатты пайдалану құқығы кәмелет жасқа толған (18 жаста) кезде және Қазақстан азаматтығы бар болғанда беріледі.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты тек тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және Қазақстан аумағы мен одан тыс жерлерде оқу ақысын төлеу қарастырылған.
Ата аналар баланың бағдарламада бар-жоғын және жинақ сомасын бірнеше жолмен тексере алады:
Ескеретін жайт! 18 жасқа толған кезде жинақтар БЖЗҚ-дағы арнайы шотқа аударылады және аударымдарды қаражат алушы электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы ғана қарай алады.
11. Егер де азаматтар мәліметтерді тексеру кезінде балалары туралы ақпаратты таба алмаса немесе «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдарды көре алмаған жағдайда не істеу керек?
Балаға қатысты деректер электронды үкіметтің EGov mobile мобильді қосымшасында табылмаған жағдайда ХҚКО-на барып, тексеру қажет.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтығын анықтау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласып, қажетті құжаттардың тізімін алу керек.
12. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысатын әр балаға қанша ақша төленеді?
Әрбір кәмелет жасқа толмаған бала «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысу уақытына қарай тиісті қаражатты ала алады.
Мәселен, бағдарламаға 3 жыл (2024-2026 жылдар) қатарынан қатысып келе жатқан кез келген баланың жалпы жинақталған сомасы 370,56 доллар (2024 жылға дейін туған) болады.
2 жыл (2025-2026) қатысқан баланың тұтастай жинақ сомасы – 263.93 долларға тең.
Ал 2025 жылы дүниеге келген балалардың алғашқы төлемдері 130.71 доллардың шамасында.
Демек, кәмелет жасқа толмаған әр бала алатын ақшаның мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1152113?lang=kk

Жауап қалдыру