Елена Рыбакина – Australian Open чемпионы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теннистен 114-мәрте өтіп жатқан айтулы Australian Open турнирінде 26 жастағы Елена Рыбакина финалда әлемдік рейтингте 1-орында тұрған Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Осылайша, Елена Рыбакина өз мансабында екінші мәрте «Үлкен дулыға» бәсекесінде (2022 жылы Wimbledon-ды алды) чемпион атанды.

Осы жеңістің арқасында отандасымыз 3 млн-ға жуық АҚШ долларын (1 млрд 473 млн 309 мың теңге) иеленіп, әлемдік рейтингте 3-орынға көтерілді.

Айта кетейік, қос теннисші 2023 жылы да Australian Open-нің финалында жолығып, Беларусь спортшысының мерейі үстем болған еді.

Жарыс жолындағы қарсыластары:

✅1/2 финал. Джессика Пегула (АҚШ) – 6:3, 7:6 (9:7)
✅1/4 финал. Ига Швентек (Польша) – 7:5, 6:1
✅1/8 финал. Элиза Мертенс (Бельгия) – 6:1, 6:3
✅1/16 финал. Тереза Валентова (Чехия) – 6:2, 6:3
✅1/32 финал. Варвара Грачева (Франция) – 7:5, 6:2
✅1/64 финал. Кайя Йуван (Словения) – 6:4, 6:3

Елена Рыбакина спорттық мансабында 27 млн доллардан астам табыс тауып, теннистен ең көп ақша тапқан әйелдер арасында 13-орында тұр.

Қай елдің теннисшілері топ жарған?

1905 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Australian Open бәсекесінде әйелдер сайысынан 15 елдің ғана өкілі топ жарған.

🇦🇺Аустралия – 44
🇺🇸АҚШ – 26
🇩🇪Германия – 5
🇬🇧Ұлыбритания – 3
Югославия – 3
🇨🇭Швейцария – 3
🇧🇾Беларусь – 2
🇧🇪Бельгия – 2
Чехословакия – 2
🇫🇷Франция – 2
🇯🇵Жапония – 2
🇨🇳Қытай – 1
🇩🇰Дания – 1
🇷🇺Ресей – 1
🇰🇿Қазақстан – 1

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1152198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді