
Аудандағы елді мекендерді су басу қаупін сейілту үшін жолдардағы қарды күреу, арналардың аузын ашу, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Көктемгі су тасқынына дайындықтың ертеден қолға алынғаны дұрыс. Әсіресе су өткізгіш құбырларды қардан тазарту маңызды. Осы ретте, «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысшылары «Күршім-Қалжыр» жолының 28-31 шақырымындағы су өткізгіш құбырларды қардан тазартуда. Осы жұмыстарға екі техника мен 10 адам жұмылдырылған, – деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігінен.
Осындай жұмыстар «Күршім-Алғабас» жолындағы құбырларда да жүргізіліп жатыр. Құбырларды қардан тазарту жұмыстарын «Күршім» коммуналдық кәсіпорны атқаруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1152197?lang=kk

Жауап қалдыру