20 қаңтарда аудан әкімі М. Меңдібаевтың төрағалығымен “магистральдық құбыр құрылысы” жобасы бойынша техникалық кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
20 қаңтар күні Айыртау ауданының әкімі М.Ж.Меңдібаевтың төрағалығымен «Кәріздің тазалық жүйесінен Үлкен Қоскөл көліне қарай магистральды құбыр желісін салу» жобасының 2-ші және 3-ші кезеңдері бойынша техникалық кеңес өтті. Кеңеске жауапты лауазымды тұлғалар мен Астана қаласынан мердігер ұйым «SEMKAZ» ЖШС өкілдері қатысты.
Кеңес барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы туындаған мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары Б.М.Жантілеуовке құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылауға алу туралы нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді