
Бахытгуль Қалибековна ұжымға мектептің директоры болып тағайындалған Джумагулова Анар Оралхановнаны таныстырды.
Анар Оралхановна бұған дейін «Серебрянск қаласының № 1 орта мектебі» КММ-де тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Басқарушылық және әкімшілік жұмыс тәжірибесі бар, өзін жауапты, білікті әрі бастамашыл қызметкер ретінде көрсетті.
Серебрянск қаласының әкімі Нургуль Асановна құттықтау сөз сөйлеп, Анар Оралхановнаға табысты әрі нәтижелі еңбек, педагогикалық ұжым тарапынан қолдау, жоспарланған жұмыстардың іске асуын және кәсіби жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1152753?lang=kk

Жауап қалдыру