Абай облысы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Шалқар Байбеков Семей қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Шалқар Байбеков Семей қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясында ұйымдастырылып, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттарын талқылауға арналды.

Шалқар Байбековтің айтуынша, құжат тек құқықтық нормалар тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар құндылықтық жағынан да жаңартылған. Адам құқықтарының басымдығы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңейтілген, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктер мен жауапкершілік нақты айқындалған.

Кездесу қорытындысы бойынша конституциялық реформаны іске асыруда өкілді органдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмысының маңыздылығы атап өтіліп, аталған мәселелерді өңірлік деңгейде талқылауды жалғастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1153010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді