Ақкөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан полиция бөлімінде жол қауіпсіздігін күшейту мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Кеңес жергілікті атқарушы органдардың, ҚазАвтоЖол өкілдерінің және өңірдегі автожолдардың жай-күйіне жауапты мердігер ұйымдардың қатысуымен өткізілді.
Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайлары, проблемалық мәселелер талқыланып, олардың алдын алу шаралары әзірленді.
Уәкілетті органдар бір жыл ішінде қайталама әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген жүргізушілер үшін профилактикалық түсіндіру іс-шараларын жүргізуге бағдарланған.
Кеңес қорытындысы бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, оның мақсаты авариялық-қауіпті учаскелерге, автожолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізу, жол-көлік оқиғаларына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1153021?lang=kk

Жауап қалдыру