Астанада TikTok желісіндегі жалған «емші» сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан.

    Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген.

    Осылайша, кінәлі үш жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн. теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған.

    Мемлекеттік айыптаушы сотта ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы алдау жолымен екі немесе одан да көп адамға ірі мөлшерде залал келтіре отырып жасалған алаяқтық қылмыстың дәлелдемелерін ұсынды.

     Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

     Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

     Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     Прокуратура азаматтарды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және мұндай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

 Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1152365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді