
Жуалы ауданының ТЖБ қызметкерлері Бақалы ауылында және С. Сейфуллин атындағы мектепте тұрғындар мен оқушылар арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында улы газдан уланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары, мұз үстіндегі қауіпсіздік (жұқа мұз), су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар, балалардың терезеден құлауын алдын алу, сондай-ақ шатырдағы мұздың қауіптілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Аталған жұмыстар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1152800?lang=kk

Жауап қалдыру