
27 қаңтарда Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев жұмыс сапарымен Баянтай және Антоновка ауылдарында болып, қоныс аударушылар мен қандастарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған бос үйлерді аралады.
Аралау барысында үйлердің жай-күйіне және олардың тұруға қойылатын талаптарға сәйкестігіне назар аударылды. Мамандар объектілерді кешенді бағалауды жүргізеді: тұрғын үйдің жарамдылығы, ғимараттардың техникалық жай-күйі және оларды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігі тексеріледі. Қазір объектілерді түгендеу және олардың нарықтық құнын бағалауды қамтитын жұмыс жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша үй сатып алуға мүдделі азаматтарға тұрғын үйді сату мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152615?lang=kk

Жауап қалдыру