
Бүгін аталмыш нысанға аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен арнайы барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады.
Шипажай басшылығымен жаңа нысанды толық аралап, жобаның қыр-сырымен танысты.
Бұл жерде, 250 адамға сапалы қызмет көрсетілетін болады. Атап айтсақ, тыныс жолдары, сүйек-буын және неврология бағытындағы ем-домдар жасалады.
Жаңа нысанның алғашқы қабатында заманауи құрылғыларымен жабдықталған реабилитация орталығы, қалған қабаттарында демалып ем алушылар үшін заманауи, ыңғайлы бөлмелер орналасады. Мұнда жеделсаты (лифт) қарастырылған.
Кәсіпкердің айтуынша жаңа нысан аяқталған соң ескі нысанның қасбетін испан стилінде біркелкі ету және ішін жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Сондай-ақ, ауласы толық абаттандырылып, еліміздің ғана емес, шетел азаматтарын қабылдауға ыңғайлы жағдай жасалынатын болады деді.
Аудан басшысы кәсіпкердің игі бастамасына сәттілік тілеп, ғимарат ашылар тұста алдындағы жолды жөндеп беруге уәдесін берді.
Сондай-ақ, ауыл ардагерлері елді мекендегі біршама өзекті мәселені көтеріп, аудан әкімі тарапынан назарға алынды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1152770?lang=kk

Жауап қалдыру