
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
- Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні.
Конкурсты өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-ғимарат.
- Кәсіпорын атауы:«Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік).
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 5А ғимараты, 4 тұрғын емес үй-жай.
Серіктестіктің пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 5А ғимараты, 4 тұрғын емес үй-жай, пошталық индексі 010000.
Серіктестіктің телефоны:+7 (701) 5370679.
Серіктестік қызметінің негізгі бағыттары: жылжымайтын мүлікті басқару, логистика, цифрлық технологиялар және АТ-инфрақұрылым.
4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары білімінің;
логистика және (немесе) IT-қызмет, экономика (қаржы), құқық салаларында және (немесе) Серіктестік бейіні бойынша және (немесе) бизнес саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің;
логистика және (немесе) IT-қызмет, экономика (қаржы), құқық саласында және (немесе) Серіктестік бейіні бойынша және (немесе) бизнес саласында кемінде 5 (бес) жыл басқарушылық (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары) жұмыс тәжірибесінің;
логистика және (немесе) IT-қызмет, экономика (қаржы), құқық саласында және (немесе) Серіктестік бейіні бойынша және (немесе) бизнес саласындағы қоғамдық бірлестіктерде кемінде 5 (бес) жыл мүше болуы;
соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының болмауы.
Шектеулер: өтелмеген соттылығы бар, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан астам уақыт осы заңды тұлғаның басшысы болған, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе Серіктестік директорымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастағы тұлғаларға жол берілмейді.
- Конкурсқа қатысу туралы өтінішке (бұдан әрі – өтініш) қоса берілетін құжаттардың тізбесі, оның ішінде Серіктестіктің лауазымды тұлғаларына қатысты үлестестік туралы мәліметтер:
- 1) осы Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- 3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
- 4) цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылған қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
- 6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- 7) қатысушының соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген құжаттар.
- Конкурс қатысушысы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды) ұсына алады.
- Құжаттарды беру тәртібі:
Өтініш «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертте болуы керек;
Конвертте «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерін конкурстық іріктеу» және «2026 жылғы «___»__________ __:__ сағатқа дейін ашылмасын» деген жазу болуы тиіс (конверттерді ашу күні мен уақыты Комитеттің және Серіктестіктің сайтында көрсетілген).
Құжаттарды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Өтініштерді қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-ғимарат, 1-қабат (кеңсе).
Әңгімелесу Комитетте өткізіледі.
Толық ақпарат конкурстық құжаттама сілтемесінде https://nzhkeden.kz/news/60 көрсетілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1152643?lang=kk

Жауап қалдыру