Гагарин көшесінде тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз тастау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есіл қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ Есіл қаласындағы Гагарин көшесінде, «Асхат» дүкеніне қарама-қарсы аумақта тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тастау фактісінің тағы бір рет тіркелгені туралы хабарлайды. Аталған жағдай абаттандыру қағидаларын өрескел бұзу болып табылады және қала аумағының санитарлық жағдайына немқұрайлы қараудың айқын көрінісі саналады. Мұндай әрекеттер Есіл қаласының тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстарға нұқсан келтіреді.

Естеріңізге саламыз, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға қатаң тыйым салынады. Қала аумағында тұрмыстық қалдықтарды тиісті түрде шығаруға арналған, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК қызмет көрсететін контейнерлік алаңдар жұмыс істейді.

Әрбір құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін Есіл ауданының полиция бөліміне жолданатын болады.

Қаланы абаттандыру – барлық тұрғындардың жауапкершілікті көзқарасы мен бірлескен қатысуын талап ететін кешенді жұмыс. Заңсыз қоқыс орындары антисанитарлық жағдай туындатып, қаланың сыртқы келбетін нашарлатады және инфрақұрылымның одан әрі дамуына кедергі келтіреді.

Белгіленген талаптарды сақтауға, қоғамдық кеңістіктерді құрметтеуге және қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамыз.
Қаланың көркеюі мен жайлылығы әрбір тұрғынның саналы әрекетіне байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1152553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді