«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 29 қаңтарында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

  Байқаудың мақсаты: оқушылар арасында Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге баулу.

  Байқауға қатысушы оқушылар 5 бағыт бойынша шығармашылық қабілеттерін танытты.

1-бағыт: «Ілияс – эпик ақын». Ақынның «Құлагер» поэмасын жатқа айту, кезекпен жалғастыру;

2-бағыт: «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап». Жас ақындар байқау кезінде ұсынылған тақырыптарын бірін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазады;

3-бағыт: «Ілияс – қарасөз шебері». І.Жансүгіровтің прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу;

4-бағыт: «Сұлу сөздің сүлейі». І.Жансүгіров өлеңдерінің біреуін таңдап алып, композициялық құрылысын, көркемдегіш құралдарын тауып, талдау;

5-бағыт: «Заманның заңғар тұлғасы». Ақын шығармасының біріне арналған буктрейлер жасау.

  Байқаудың қорытындысы бойынша әр бағыттан І орын алған қатысушылар: “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлер номинациясы бойынша “№1 Ақшәулі ЖОББМ” КММ-нің 8-сынып оқушысы Аманғазы Айзере.Жетекшісі: Смаилова С.Т. “Ілияс-қарасөз шебері” көркемсөз оқу номинациясы бойынша “С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ” КММ-нің 11-сынып оқушысы Қажыгерей Қайсар.Жетекшісі: Заманбекова Ж.А. “Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап” жас ақындар номинациясы бойынша “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы”КММ-нің 9-сынып оқушысы Амангельдинов Мирас.Жетекшісі: Сарсембаев Ә.С.”Ілияс-эпик ақын” номинациясы бойынша “№6 ЖОББМ” КММ-нің 10-сынып оқушысы Аманғазы Жаннұр.Жетекшісі: Нокербекова С.К. “Сұлу сөздің сүлейі” номинациясы бойынша “Шынқожа батыр атындағы ЖОББМ” КММ-нің 10-сынып оқушысы Мұратбекова Іңкәр.Жетекшісі: Бидавлетова Г.Ж.

 Жеңімпаз оқушыларымызға облыстық кезеңде СӘТТІЛІК пен ЖЕҢІС тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1152246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді