
Сарайшық ауданында орналасқан Damu Mall сауда орталығында кезекті рет кәсіпкерлермен кездесу өтті. Оған инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, сондай-ақ Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысып, салық салу, зейнетақы жарналары және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде жаңа арнайы салық режимдері, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесіне қойылатын талаптар түсіндірілді.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің соңғы өзгерістер жайлы білімін арттыруға және қолданыстағы заңнама шеңберінде бизнесті жүргізу үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1152726?lang=kk

Жауап қалдыру