
Менингококк инфекциясы – дене қызуының көтерілуімен интоксикациясымен және тері мен ми қабығының зақымдануымен сипатталатын, ауа-тамшыларымен берілетін жедел онтропоздық бактериялық инфекция.
Алдын алу шаралары:
- қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз, әсіресе тамақ ішер алдында, дәретхананы пайдаланғаннан кейін және қоғамдық орындарда;
- басқа адамдардың жеке гигиеналық құралдарын пайдаланбаңыз;
- жөтелгенде, түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабыңыз;
- салауатты өмір салты арқылы иммунитетті сақтаңыз;
- мұрын және ауыз қуысының жедел және созылмалы ауруларын уақытылы емдеңіз;
- адамдардың көп жиналған орындарына баруды шектеңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1152935?lang=kk

Жауап қалдыру