Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ақтоған ауылдық округінде тұрғындар арасында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қыс мезгілінде тұрғын үйлер мен ғимараттарда пештер, электр жылытқыштары және газ қондырғылары кеңінен қолданылады. Алайда оларды қауіпсіздік талаптарын сақтамай пайдалану өрттің шығу қаупін арттырады. Осыған байланысты тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану, электр және газ құрылғыларын қауіпсіз қолдану, сондай-ақ өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді.
Жауап қалдыру