
Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы
21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№ 9/103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы
Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 9/103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7425-14 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10-тармақтың 2-тармақшасының жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтары жойылсын.
- «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Павлодар аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1153054?lang=kk

Жауап қалдыру