Қала әкімі қаланың мектепке дейінгі мекемелері мен мектептерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жиын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Асайын Байханов мектептер мен балабақшалардың жай-күйіне, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылы Павлодар қаласында білім беру саласындағы 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, 4 мектеп (Әлімбаев атындағы ЖОББМ, №24, №29, №41 мектептер) және 7 балабақша (№11, 25, 38, 79, 112, 116, 53 бөбекжай-балабақшалары).

Жобалар шеңберінде №24 және №41 мектептерде жылу жүйесін жаңарту, №29 мектепте электрмен жабдықтау, сумен қамту, кәріз жүйелері мен ішкі кабинеттерді жөндеу, №41 мектепте электр жабдықтары мен жарықтандыруды жаңғырту, сондай-ақ Әлімбаев атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу көзделген. №11, 25, 38, 79, 112 және 116 балабақшаларында терезелерді ауыстыру, ал №53 бөбекжай-балабақшасында шатыр мен терезелерді жөндеу жоспарланып отыр.

Хасар Хабылбеков жөндеу жұмыстарының нақты мерзімдерін айқындауды, жөндеу кезеңінде жекелеген мектептерді екі ауысымдық оқу режиміне көшіру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жөндеу жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды өзге балабақшалардан орынмен қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/1152446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді