Қарағанды қалалық мәслихатының Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының
құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының құрамына 1 бос орынның бар екенін хабарлайды.
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны сайлау комиссиясының құрамына ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Мәслихаттар сайлайтын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұратын сайлау комиссиялары 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап 17 ақпанды қоса алғандағы кезеңде мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер электрондық және қағаз форматта;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылуы және орындалу күні көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап 17 ақпанды қоса алғандағы кезеңде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс күндерін қоспағанда) жүзеге асырылады.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.
Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы – Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы.
Жауапты тұлға – «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» ММ:
– Сүлейменов Қанат Маратұлы, № 413 каб., жұмыс тел.: 421200, электрондық пошта мекенжайы: gormaslihat@mail.ru
– Тлекова Индира Әлімбайқызы, № 415 каб., жұмыс тел.: 423956.
|
Комиссия атауы |
Мекенжайы |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
Бос орындар саны |
|
Қарағанды қалалық сайлау комиссиясы |
Қарағанды қ., Гоголь к. 34, 209,210, 218 кабинеттер, тел.8(7212)421224 |
7 |
1 |
Қарағанды қалалық
мәслихатының төрағасы А.Бөкенов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1152704?lang=kk

Жауап қалдыру